«Тұран» корпорациясы – Қазақстан мен Орта Азиядағы ең ірі толық циклді білім беретін оқу орны: ЛИЦЕЙ-КОЛЛЕДЖ-БАКАЛАВРИАТ-МАГИСТРАТУРА-ДОКТОРАНТУРА-PhD- ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Университет жанында құрылған ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРЕТІН СТРАТЕГИЯЛАРДЫҢ ОРТАЛЫҒЫ жоғары деңгейлі ғылыми ізденістер мен білім беруді қамтамасыз етеді.
Ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру «Тұран» университетінің ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖҮЙЕЛІК ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ негізінде жүзеге асырылады.
МАГИСТРАТУРА 13 мамандық бойынша кадрлар дайындауды жүзеге асырады.
ДОКТОРАНТУРА PhD 5 ғылыми мамандық бойынша кадрлар дайындауды жүзеге асырады.
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер үшін білімін жетілдіруді және сынақ ісін қамтамасыз етеді.
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғауға қабылдайды.
Астана қаласындағы «ТҰРАН-ПРОФИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІПТІК АКАДЕМИЯСЫ біліктілікті жетілдірудің, мемлекеттік қызметкерлер мен басқа ұйымдардың мамандарын дайындау және қайта даярлаудан өтудің түрлі бағдарламаларын ұйымдастырады.
«Тұран» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ
АЛШАНОВ РАХМАН АЛШАНОВИЧ -«Тұран» білім беру корпорациясының президенті; экономика ғылымдарының докторы, профессор; Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі; ББҒМ алқасының мүшесі; ҚР жоғары оқу орындары ассоциациясының президенті
ТАЗАБЕКОВ ҚУАНЫШ АМЕРКУЛОВИЧ - «Тұран» білім беру корпорациясының вице- президенті; 1-ші проректор; экономика ғылымдарының докторы, профессор; ҚМА президенті (Қазақстан маркетинг Ассоциациясы)
«Тұран» КОЛЛЕДЖІ – 2002 жылы құрылған білім беру мекемесі (АА № 0000070 лицензиясы 08.07.2002ж.), «Тұран» университеті жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшесі
Колледж еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша лицензияға сай (АА-5 №0102326 16маусым 2009ж.) техникалық және кәсіптік білім беру саласында қызметін жүзеге асырады.
Колледжде білім беру екі тілде жүргізіледі: қазақ және орыс тілдері. Оқу нысаны: күндізгі және сырттай.
Колледжді бітіргеннен кейін, Қазақстан жоғары оқу орындарында және шет елдерде туыс мамандықтар бойынша білімін жалғастыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
«Тұран» колледжінің құқықтану, басқару, экономика, сауда мен қызмет көрсету, туризм салаларының мамандарын дайындауда тәжірибесі бай. Біздің түлектеріміз Қазақстанның қаржы және құқық қорғау органдарында табысты жұмыс істеуде. Колледждің оқушылары ірі қазақстандық пен шетелдік сауда және туристік фирмаларда тәжірибеден өтеді әрі жұмысқа орналасады.




