Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Қалалық педагогикалық конференция

«Техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың заманауи талаптарындағы педагогикалық қызметтің теориялық және практикалық аспектілері: мәселелері, шешімдері, тиімділігі».

Ұйымдастырушылар                                                                              Алматы қаласы

«Тұран» университетінің колледжі                                                      Білім беру басқармасы

 

Өтетін орны                                                                             Өткізілетін күні

Қазақстан республикасы, Алматы  қаласы                          2017 жылғы 11 желтоқсан

«Тұран» университетінің колледжі                                      Өткізілетін уақыты

                                                                                                сағат 10.00-13.00

                                                                                                Тіркелу  басталатын уақыты: 9.30

 

Мақсаты: колледждерде техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың заманауи талаптарындағы педагогикалық қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін, олардың білім беру мен тәрбиелеу сапасына әсер ету мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін талқылау.

Бағыттары:

  • колледждегі оқу-тәрбиелеу барысын ұйымдастыруға заманауи педагогикалық технологияларды ендіру мәселелері;
  • техникалық және кәсіби білім беруді ұйымдастырудағы жалпы білім беретін пәндерді оқыту саласында практикалық қолжеткізулер;
  • арнайы пәндерді оқыту саласындағы практикалық қолжеткізулер;
  • техникалық және кәсіби білім беруді ұйымдастыруда дуалдық оқыту әдістерін ендіруде тәжірибе алмасу;
  • техникалық және кәсіби білім беруді дамыту жағдайларында тәрбиелік және кәсіби бағыттау жұмыстарын ұйымдастырудың өзекті аспектілері;

Конференцияға техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, колледж оқытушылары, психологтар, біліктілікті көтеру жүйесінің қызметкерлері, магистрлар шақырылады.

Конференция тілі: қазақ, орыс тілдерінде өтеді.

Барлық қатысушыларға жұмыстың қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы және конференцияға қатысушыға сертификат беріледі.

Конференция  жұмысына қатысу нысандары:  секция отырысында (күндізгі) баяндама жасаумен конференцияға қатысу; жарияланым конференция жұмысына ( сырттай) қатысу.

 turan.innovation@yandex.ru электрондық пошта адресіне жіберілген материалдар ғана қабылданады.

Жол қатарында тақырыпты көрсету: «Қалалық педагогикалық конференция» атауы көрсетіледі және келесі файлдар: мақала, өтініш қоса тіркеледі. Хатқа қоса тіркелетін жіберілімде файлдар өтінімді, мақаланы қоса тіркеумен бірінші автордың аты-жөнімен аталады. (Нурумбетов-өтініш, Нурумбетов-мақала). Жинаққа авторлық түзетулермен бұрын жарияланбаған мақалалардың түпнұсқасы жарияланады. Мақала авторы мақаланың рәсімделуі мен мазмұнына жауап береді. Міндетті түрде: аңдатпа, (3-4 қатардан кем емес), негізгі сөздер (5-7 сөз) болу керек. Мақала көлемі 5-7 бет. Ұйымдастыру комитеті мақала талаптарға сәйкес болмаған  жағдайда басылымға жібермеу құқығына ие. Бір қатысушы екі ғана мақала (тезистер) жариялай алады. Баяндамаларға рецензия берілмейді және қайтарылмайды. Конференция материалдары электрондық нұсқада жіберіледі.

Конференцияға қатысу шарттары: конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 20 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетінің turan.innovation@yandex.ru электронды адресіне  төменде көрсетілген материалдарды жіберу керек:

1. Талаптарға сәйкес рәсімделінген мақала мәтіні.

2. Белгіленген нысандағы автор туралы мәліметтер. ( бланк қоса тіркелген).

Автор

бірінші

екінші

Аты-жөні, тегі (толығымен)

 

 

Секция атауы

 

 

Мекеме атауы (толығымен)

 

 

Лауазымы

 

 

Үй және қызмет телефоны, e-mail

 

 

Мақала атауы

 

 

Қатысу нысаны (күндізгі, сырттай).

 

 

Мақаланы (тезисті) рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • жарияланатын жұмыстар мұқият оқылып, түзетілген болу керек.
  • құжат мәтіні  2003 офис, Word 2003 редакторында ұсынылуы тиіс.
  • шрифі- Times New Roman, шриф көлемі 12, барлық жиектерінің ені – 2 см, азат жол- 0,9 см, пішіні А4, бағыттамасы –кітапшалық.
  • автордың аты-жөні, тегі  бас әріппен ортада көрсетіледі.
  • бір аралық интервал курсивпен ұйым, қала, ел атауын көрсету.
  • екі аралық интервалмен қолжазба әріптерімен ортада баяндама атауы көрсетіледі.
  • бір аралық интервалмен ортада аңдатпа мен негізгі сөзді көрсету (қазақ немесе орыс және ағылшын тілдерінде).
  • екі интервалдан кейін мақала мәтіні басталады, қалыпты шрифпен жазылады. Баяндаманың негізгі мәтінінде курсив, асты сызылған қалыпты шрифті пайдалануға болмайды. Автоматты және қажетсіз тасымалдарды, белгілерді және қатарларды, беттерді, бөлімдерді бөліп көрсетуге; автоматты түрде тізімдерді, суреттерді, түрлі-түсті элементтерді қолдануға рұқсат берілмейді. Мақалада Word орындалған екі кестеден, екі суреттен (Word топтастыру) артық пайдалануға болмайды. Формулаларды қосымшасында формула редакторында теру. (Microsoft Equation).
  • цитаталарға сілтемелер төртбұрышты жақшалармен сөйлемнің соңында, әдебиет тізімі бойынша бірінші мәлімет көзін, үтір арқылы парақ нөмірін көрсете отырып орналастырады. Нүкте сөйлемнің соңында төртбұрыш жақшадан кейін қойылады.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы

«Тұран» университеті колледжінің директоры  Хрестина Христина Владимировна

Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары

Ғылым және аккредитация бойынша директордың орынбасары  Желтова Елена Евгеньевна.  тел: 8(727)2604030 e-mail: turan_college@mail.ru