Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Құрметті тоғызыншы сынып оқушылары!

Сіздерді «Мамандықтар калейдоскобы» атты мамандық таңдауға бағытталған іскерлік ойынға қатысуға шақырамыз.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар, ал мұғалімдерге алғыс хат беріледі.

«Тұран» университетінің колледжі оқушылардың мектептен колледжге дейін жетуі үшін көлік ұсынады.

9-сынып оқушылары үшін

«Мамандықтар колейдоскобы» атты іскерлік ойынды

жүргізу ережесі

1. Жалпы ереже.

Мақсаты: оқушылардың өздігінен мамандық таңдауда психологиялық тұрғыдан дайын болуын қалыптастыру барысын белсендендіру.

Міндеттері: өзіндік таным шегін кеңейту және мамандық таңдау әлемі туралы ақпараттар алу арқылы кәсіп жолын таңдауға қатысты жауапкершілікті қалыптастыру.

2.Басшылық жасау.

«Тұран» университеті колледжінің директоры жалпы басшылықты іске асырады. Ойынды тікелей колледждің ДМжәнеҚК,  оқытушы-психолог пен үгіттеу бригадасы жүргізеді.

3. Өткізілетін мерзімі мен орны

Ойын «Тұран» университеті колледжінің 103 кабинетінде әр айдың бейсенбі және жұма күндері өткізіледі. Ойын сағат 14.00 –де басталады. Ұзақтығы -1 сағат.

«Тұран» университетінің колледжі оқушылардың мектептен колледжге дейін жетуі үшін көлік ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдер күн сайын электрондық пошта бойынша turancollege-pk@mail.ru және  мына 8(727) 260-40-30, +7-778-5555-365 телефондар бойынша қабылданады.

4. Ойынға қатысушылар.

9 сынып оқушылар командасы, қатысушылардың ең көп саны 7-10 адам.

5. Ойын барысы

1. «Кәсіп түрлері»  (Адам-Адам, Адам-Табиғат, Адам-Техника, Адам-Белгі, Адам-Көркем бейне)- командалар кәсіптерді таңдап алған түріне қарай іріктеледі.

2. «Кәсіп-лауазым-мамандық» - командалар берілген үлестірме карточкалардан мысалдар құрастыруы тиіс.

3. «Кәсіптің оң және теріс жақтары» - командалар таңдап алынған карточка бойынша кәсіптің жағымды және жағымсыз жақтарын анықтайды.

4. «Жаңа мамандықтарға бағыттама» - команда таңдап алынған карточкада көрсетілген сұрақтарға жауап беру керек.

5. «Мамандықты табыңыз» - жүргізушілер мамандыққа қатысты сипаттамалар береді, командалар қандай мамандық түріне жататынын атау керек.

6. «Мамандықты қорғау» - командалар таңдап алынған карточкада көрсетілген кәсіп өкіліне қатысы бар сипаттамалық сөздер тізбесін құрастыруы тиіс.

6.Қорытындылау

  • Ойын аяқталғанына қарай қорытындысы шығарылады. Қойылған балдар қорытындылауға негіз болады.
  • Жеңімпаздарды марапаттау ойын өткен күні жүргізіледі. Қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
  • Оқытушылар алғыс хаттармен марапатталады.