Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Алматы қаласындағы мектептердің 9-сынып оқушылары арасындағы тілдік турнир туралы ереже

1.Жалпы ереже.

1.1 Тілдік турнирдің ағымдағы ережесі, ұйымдастырушылық-әдістемелікпен қамтамасыз ету, қатысу тәртібі, жеңімпаздарды анықтау;

1.2 Турнир жалпы білім беретін мекемелердің 9-сынып оқушылары үшін өткізіледі;

1.3 Турнир базалық жалпы және жалпы орта білім беру (толық) бағдарламалары пәндерін қосымша оқу негізінде жүргізіледі.

1.4 Турнирді өткізудің мақсаты:

  • мектептегі пәндер бойынша білімдерін одан әрі жетілдіруге ынталандыру;
  • оқушылардың ойлау қабілеттерін кеңейту;
  • тілдерді зерттеуде танымдық қызығушылықтың артуы негізінде оқушылардың академиялық дарындылығын, интелектісін, жеке қасиеттерін дамыту;
  • оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын арттыру;
  • болашақ мамандықтарын таңдау үшін ыңғайлы жағдай жасауға көмектесу.

2. Турнирді өткізу тәртібі:

Тілдік турнир екі кезеңде өтеді: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдері бойынша

 іріктеу және қорытындылау.

2.1 Өткізілу мерзімі:

  • турнирге қатысуға өтініш беру (қосымша құжат (қосымша 1).
  • турнирге қатысуға өтінішті қабылдаудың соңғы күні 2018 жылдың 16 қаңтарына дейін.
  • I кезең -2018 жылдың 17 қаңтарында

Тілдік турнир мына пәндер бойынша өткізіледі: орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде. Оқушыларға жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес құрастырылған тест бойынша  әр пәннен 20 сұраққа жауап беру ұсынылады.  Өткізілу уақыты -60 минут.

  • II кезең-2018 жылдың 18 қаңтарында

Екінші кезеңге іріктеу турынан 30 балл немесе одан жоғары балл жинаған оқушы өтеді. Турнирдің екінші кезеңі «Лингвистикалық турнир» атты интелектуалды ойын  түрінде орыс, қазақ, ағылшын тілдері пәндерінен  ауызша өтеді.

Қорытындылау.

3.Өткізілу шарты:

Турнир алдын-ала таңдаусыз барлық келушілер үшін өтеді.

3.1 Турнирдің ұйымдастырушысы:

  •  турнирдің өту мерзімі мен тәртібін және пішінін анықтайды;
  • турнирді дайындау мен өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  • турнирге құжаттарды әзірлейді;
  • турнирді өткізу үшін қажетті материалдарды жариялайды, талқылайды және қорытындылайды;
  • пән бойынша қазылар құрамын бекітеді және жұмысты ұйымдастырады;
  • турнирді өткізу және сұрақтар бойынша кеңеске дайындық өткізеді.

3.2 Турнирдің  қазылар алқасы:

  • турнирді өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар мен сұрақтарды құрастырады;
  • оқушылардың жұмыстарын тексеруді ұйымдастырады және орындалған тапсырмаларды бағалайды;
  • қорытынды жасайды және жеңімпаздарды анықтайды;
  • жеңімпаздарды марапаттау бойынша ұсыныстар дайындайды.

   4. Қорытынды жасау және жеңімпаздарды анықтау.

  • турнир қорытындысы әрбір қатысушы үшін жеке түрде өткізіледі;
  • баллдардың саны аяқталған тапсырмалардың саны мен жауаптарының сапасына қарай анықталады;
  • турнир жеңімпаздарын марапаттау «Тұран» колледжінде II кезең күні жүргізіледі.
  • олимпиада жеңімпаздары үшін төмендегідей сыйақылар тағайындалады:
  • 1 орын – колледждің оқу ақысының бірінші жылына 20% жеңілдік
  • 2 орын – колледждің оқу ақысының бірінші жылына 15 % жеңілдік
  • 3 орын – колледждің оқу ақысының бірінші жылына 10% жеңілдік
  • турнирге оқушыларды дайындаған оқытушылар алғыс хатпен марапатталынады.
  • дұрыс жауап берілмейді.

5. Уақыты мен өтетін орын

Тілдік турнир «Тұран» университетінің  колледжінде  2018 жылдың 17-18 қаңтар айында өткізіледі. Тіркеу уақыты- сағат 12.00-де;  турнирдің басталуы  сағат 13.00-де. Мекен-жайы:  Сәтпаев көшесі, 16-18, 18а, Желтоқсан көшесінің қиылысы, анықтама телефондары: 260-40-35, 260-40-30 e-mail:turancollege-pk@mail.ru.