Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

    Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың - «Болашаққа көзқарас қоғамдық сананы жаһандандыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты жаңа ұлттық жоба іске асырылады – бұл жоба белгілі бір салада табысқа жеткен отандастарымызды негізге ала отырып еліміздегі тұрғындар арасында озық идеяларды ілгері дамытуға бағытталған. Осы адамдардың оқиғалары жаңа бәсекеге қабілетті бағыттарды жинақтауға, сондай-ақ мультимедиялық алаңды жасауға итермелейді, олар жасөспірім ұрпақты ынталандыруға және уәждеуде ықпал етеді. «Қазақстанның 100 жаңа есімдері» атты тізімде болу, кез - келген азамат үшін үлкен мәртебе, өйткені қазақстандықтардың өзі өздерінің кейіпкерлерін, батырларын таңдайды, содан кейін оларға дауыс береді, осы мүмкіндіктер жаңа табыстарға қол жеткізуге итермелейді.

Осы жобаның стратегиясында білім беру жүйесін белсенді түрде насихаттау, дұрыс дағдыларды қалыптастыру және тұрақты өзін - өзі жетілдіру қарастырылған.

25.12.2017 жылы «Тұран» университетінің колледжінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Колледждің маслихат төрайымы – Грибченко Марина сөз сөйледі. Дөңгелек үстел отырысында «Тұран» университеті колледжінің маслихат белсенділері мемлекеттің әр түрлі қызмет салаларын ұсынатын жоба жеңімпаздары туралы баяндамалар жасады.