Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

Біздің тату  отбасымызға қош келдіңіздер!

    Бүгін «Тұран» университеті колледжінде студенттердің есте қаларлық мерекелерінің бірі - бірінші курс студенттері  күні атап өтілді.

Оқу қабырғасына қабылданған жаңа тұрандықтар мұғалімдермен және  бір топта оқитын  достарымен кездесіп, біздің  дәстүрлерімізді білді.

Мерекеңізбен құттықтаймыз және оқу жылының жемісті болуын, ғылыми, шығармашылық және спорттық жеңістер тілейміз!