Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

«Тұран» университетінің колледжінде 20 - 22 желтоқсан аралығында Мемлекеттік тіл және әдебиет  пәндерінің ЦӘК апталығы өтті.

Пән апталығының мақсаты:

  • оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру;
  • қазақ тілі мен әдебиеті  пәні бойынша білімдерін жүйелеу және салт-дәстүрлерді сүюге қызығушылықтарын ояту;
  • шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

20 желтоқсанда Мемлекеттік тіл және әдебиет  пәндерінің ЦӘК апталығы аясында оқытушылар мен оқушылардың қатысуымен А.Байтұрсынов атындағы ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ РМКҚ өкілдерімен, директордың орынбасары А.М. Фазылжанова және аға ғылыми қызметкері Д.М. Пашан  «Мемлекеттік тілді дамытудың алғы шарттары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

21 желтоқсанда 1 курс оқушылары арасында  «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Оқушылар мемлекеттік тіл аясында өздерінің кәсіби білімі мен дағдыларын шыңдады.

Сайыс жеңімпаздары:

 1 орын  - СУ -17-1

 2 орын – СПД-17-1,2

 3 орын – СТ-17-1

22 желтоқсанда  Мұқағали Мақатаев шығармашылығына  арналған «Мұқағали-поэзия  майталманы» атты  поэзиялық кеш өтті. Осы кешке СПР-16-3, СПР-17-5,  СПД-17-5, СПД-16-5 топ оқушылары қатысты.  Поэзия кешінің негізгі мақсаттары мен міндеттері жас ұрпақтардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалдық шығармашылық жағынан өсіп-өркендеуіне назар аудару, қоғамдағы болып жатқан рухани-мәдени шараларға ат салысуға шақыру.

 Осындай іс-шаралардың өтуі  оқу жоспары аясында қазақ тілі мен әдебиет пәндерін тереңдетіп оқытуды қарастырып қана қоймай, оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ойлау қабілеттерін жетілдіруге, олардың оқу ынтасын көтеруге бағытталады.