Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

«ТҰРАН» КОРПОРАЦИЯСЫ - Қазақстанда және Орталық Азиядағы ең ірі толық мерзімді білім беретін   оқу орны болып табылады.

ЛИЦЕЙ-КОЛЛЕДЖ-БАКАЛАВРИАТ-МАГИСТРАТУРА-ДОКТАРАНТУРА, PhD

2001 жылы  «Тұран»университетінің»  білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде «ТҰРАН» КОЛЛЕДЖІ білім кеңістігінде алғаш рет қадам жасады.

«Тұран» колледждін  бітірген  түлектерге  мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі . Мұндай диплом түлектерге Қазақстанның және шетелдердің  кез-келген жоғары оқу орындарында  ұқсас мамандық түріне түсу арқылы қысқартылған мерзімде білім алуға мүмкіндік туғызады. Колледж еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша берілген  мемлекеттік  лицензияға (№14003946, 2014жылғы 26 наурызда берілген)   сәйкес  техникалық  және кәсіби  білім беру қызметін  жүзеге асырады.

Колледжде білім алуды таңдау арқылы біздің түлектеріміз  кәсіби дағдыларды   ертерек қалыптастыру, өзінің таңдаған  саласы бойынша   кәсіби  білім   мен мамандық алу , жұмысқа орналасу немесе алған білімдерін дамыту алу мүмкіндіктеріне ие болады.

Колледж , Қазақстан   экономикасын өркендететін  жоғары дәрежелі және жоғары ақылы орта буынды  кадрлар  дайындау арқылы, еліміздің алдында тұрған ең   маңызды әлеуметтік-экономикалық  мақсаттардың  шешімін табуға көмектеседі.