Миссия: Кәсіби шеберлік, жаңашылдық, шығармашылық- табысқа жетудің кепілі.

 

 

 

"Тұран"университеті колледжінің директоры

Хрестина Христина Владимировна

Жоғары біліктілік деңгейіндегі жоғары санаттағы оқытушы, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін ҚР БҒМ  «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» төс белгісінің және еліміздің білім беру саласын дамытуға, жаңашыл идеялармен және жаңа буын мамандарын даярлаудағы жемісті еңбегі үшін ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы күміс медаль иегері.

 

Құрметті мектеп бітірушілер мен ата-аналар!

    Болашақ мамандық пен оны меңгеретін білім беру мекемесін таңдау, ол  маңызды қадам болып табылады, өйткені бұл сіздің болашақ тағдырыңызды айтарлықтай анықтаудағы қадамның бірі. Бұл өте қиын таңдау, себебі ол сіздің өмір жолыңыздың бағытын және алдағы уақыттың перспективаларын анықтайды. Жоғары сапалы білім мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық қана тек болашаққа деген сенімді арттыруға және табысты мансапты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Сіздерді Алматы қаласындағы жетекші техникалық және кәсіби білім беретін оқу орны ұран" университетінің колледжіне оқуға шақырамыз. Біздің колледж Қазақстандағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі - «Тұран» білім беру корпорациясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

   Біздің колледж қаланың орталығында Тұран» университетінің жанында орналасқан, сондықтан көптеген іс-шаралар ЖОО студенттерімен және оқытушылармен бірлесіп өтеді. Колледж 17 жыл бойы жұмыс істеп келеді, сол уақыт аралығында колледж ұжымы оқушыларға оқу орнында барынша ыңғайлы болу үшін көптеген шаралар жасады. Кең жарық дәрісханалар заманауи білім беру және ақпараттық технологиялармен жабдықталған, кітапхана қоры 150 мыңнан астам оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен жабдықталған. Колледж ғимаратында спорттық, хореографиялық жаттығу залдары, сондай-ақ бокс залы бар. Колледж аумағында далада сабақтар мен спорттық жарыстар өткізуге арналған екі футбол алаңы бар.

     Колледжде тоғыз және он бірінші сыныпты бітірген мектеп түлектері оқи алады. 11 сыныптан кейін қысқа уақыт аралығында мамандық алуға болады. Бізде сапалы білім ғана берілмейді, сонымен қатар колледжде өткізген жылдарды өмір бойы жақсы естеліктермен есте қалдыруға тырысамыз.

   Көптеген жылдар бұрын бір оқушы: «Тұран»колледжі - бұл үлкен тату отбасы!» деген ұран айтқан болатын. Содан бері біздің студентеріміз осы ұранмен өмір сүреді.

    Колледже өз ісінің майталман шеберлері болып табылатын педагогикалық ұжым жұмыс істейді. Бүгінгі күні мұнда 60 оқытушы бар, олардың арасында ҚР білім беру саласының үздіктері, Ыбырай Алтынсарин құрмет белгісінің  және Алматы қаласы Білім басқармасы мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің грамотасы иегерлері бар. Оқытушылардың  60%-нан көбісі жоғары және бірінші санатқа ие, 20%-да магистр дәрежесі бар.

   Колледжде шет тілдерін белсенді оқуға көңіл бөлінеді (тілді білушілермен қосымша сабақтар өткізіледі). Оқушылар әр түрлі олимпиядаларға, ғылыми және бизнес-жобалар байқауларына, спорттық жарыстарға және шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысады.

    «Тұран» колледжінде жақын және шет елдегі білім беру ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастық қалыптасқан. Біздің оқу мекеме базамызда  «Хакспейс» робототехника мектебі және «Enactus» иинновациялық-кәсіпкерлік клуб, театр студиясы жұмыс істейді.

  Техникалық және кәсіби білімдері бар мамандарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Қазақстандық білім беру жүйесі басшыларының айтуына қарағанда заманауи еңбек нарығында білікті колледж бітірушілері жетіспейтіндігі анықталып отыр. Бұл ретте біз өз арманын жүзеге асырғысы келетін, жақсы кәсіби білім алғысы келетін, өз ісінің маманы болатын оқушыларды күтеміз. Бізге келіңіздер, сонда ғана жасаған таңдауыңызға кателеспегеніңізге көз жеткізесіз.